Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 15:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«5 адам қаза тапты»: Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әріптестерін атып тастады

Украинада Ұлттық ұланның әскери қызметшісі күзетте тұрған әріптестеріне оқ атып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info Украина ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«5 адам қаза тапты»: Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әріптестерін атып тастады
Фото: Telegraf.com.ua

Тағы бес адам жарақаттанған. Оқиға Оңтүстік машина жасау зауыты аумағында қару беріп жатқан кезде болған.

Украинаның Ұлттық ұланы әскери қызметшісі, мерзімді қызметтегі сарбазы  2001 жылғы Рябчук Артемий Юрьевич қару алып жатқан кезде белгісіз себептермен Калашников автоматынан Ұлттық ұланның күзетіндегі әскери қызметшілерге оқ жаудырды, содан соң қаруымен қашып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Әскери бөлімде қызметтік тергеу басталды. Әскери бөлім қолбасшылығының өкілдері тергеуді жүргізуге атсалысатын болады. Жарақаттанған әскери қызметшілерге  медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстың себептері белгісіз. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері