Нұр-Сұлтан 16.3°
×
21.01.2022, 21:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

COVID-19: Израильде балалар үйде отырып ПТР тест тапсырады

Израиль балабақшалар мен мектептерді карантинге жаппайды. Балалар үйде отырып аптасына екі рет тест тапсырса жетеді. Бұл туралы Elorda.info 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.  

COVID-19: Израильде балалар үйде отырып ПТР тест тапсырады

Елде келесі аптадан бастап барлық тұрғынға тегін тест таратылады.

Балалардың барлығы мектеп қабырғасында білім алатын болады. Бұдан былай 18 жасқа толмағандар үй жағдайында тест тапсырады. Тест әр жексенбі және сәрсенбі күндеріне белгіленді. Ал ауырған балалар толық емделмейінше, үйлерінде отырады. Әр оқушыға тегін 3 тесттен беріледі. Жақын арада тест ата-аналарға да тегін таратылады, - деді Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет.

Ал Алжирде мектептер керісінше 10 күнге карантинге жабылды. Бұған аймақтағы эпид ахуалдың ушығуы себеп. Студенттердің қашықтан оқу-оқымауын жоғары оқу орнының әкімшілігі шешеді. Статисткаға сәйкес, Алжирде бір күнде тіркелген науқас саны 1400-ден асады. Күнде 10-нан астам адам көз жұмады. Десе де, мамандар елдің көбі дәрігерге көрінбегендіктен, вирус жұқтырғандар саны әлдеқайқа көп болуы мүмкін дейді.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері