Нұр-Сұлтан 8.6°
×
20.01.2022, 16:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Төрт аяғы мен төрт қолы бар сәби дүниеге келді

Үндістанның шығысындағы Садар қаласының ауруханасында төрт аяғы мен төрт қолы бар сәби дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Төрт аяғы мен төрт қолы бар сәби дүниеге келді
Фото: ашық дереккөз

Дүйсенбі, 17 қаңтар күні жергілікті тұрғындар ауруханаға ағыла бастаған. Себебі, елді мекендерде төрт аяғы мен төрт қолы бар бала дүниеге келді деген ақпарат лезде тараған. Дәрігерлер сәбидің жынысы жайлы тіс жармаған. Десе де жергілікті тұрғындар нәрестедегі ерекшелікті құдайдың келген белгі деп түсінсе, дәрігерлер бұл жүктілік кезінде пайда болған асқынулармен байланысты екенін айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Үндістанда төрт аяғы мен үш қолы бар сәби дүниеге келген еді. Ерекше бала Раджастан шататында 2019 жылы туған болатын. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері