Нұр-Сұлтан 9.9°
×
20.01.2022, 12:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Түркияның оңтүстігін қар басып қалды

Түркияның оңтүстігінде де қар жапалақтап жауып, көлік қатынасы қиындаған, деп хабарлады Elorda.info

Түркияның оңтүстігін қар басып қалды
Фото: ашық дереккөз

Қалың көлік жолда қалып, Диярбакыр аймағында апат көбейді. Кей жолдар жабық. 

Ал Торонто тұрғындары дүйсенбіден бері жауған қардан енді ес жиып жатыр.

Ауа райының қолайсыздығынан Канадада жүздеген рейс шегеріліп, көлік қатынасы үзілген еді. Коммуналдық мекемелер қала ішіндегі қарды аршып үлгермей жатыр.

Мамандардың пайымынша, мұншалықты қалың қар соңғы рет жарты ғасыр бұрын жауған. Ливанда қар қалың түсіп, оның үстіне күн күрт суытты. Салдарынан халық әбігерге түсіп жатыр. Соңғы жылдары экономикалық дағдарыстан көз ашпаған ел тұрғындары енді үйлерін жылытатын отын таба алмай жатыр. Отқа жағатын ағаштың бір тоннасы 120 долларға жеткен. Бұл онсызда аз жалақы алатын жұрттың жарты жылдық табысы. Ал метеорологтар сейсенбіде басталған бұрқасын тағы бірнеше күнге созылады деп отыр.

Қар жауып, боран соғып есіміз кетті. Қазір үйде азғана отын қалды. Мына боранда қалған-құтқан отынымыздың бәрін тауысып бітетін түріміз бар. Одан кейін не жағатынымды білмеймін. Отын қымбат, – дейді жергілікті тұрғын Мохаммед Омер.  
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері