Нұр-Сұлтан 9.9°
×
17.01.2022, 22:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Грузияда қалың қар көлік қозғалысын шектеді

Грузияға қалың қар жауып, бірқатар аймақтағы тас жолдар жабылып қалды, деп хабарлады Elorda.info 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Грузияда қалың қар көлік қозғалысын шектеді

Батумиде қатты дауылдан Қара теңіз жағалауындағы курортқа біршама шығын келген.

Аджариядағы ақ ұлпаның қалыңдығы 1 метр биіктікке дейін жетеді. Қалың қардан кейбір жерлерде электр энергиясы торабы бүлінген. Имеретия, Рача және Сванетия аймақтарында да жағдай осындай. Кейбір күре жолдарда көктайғақтан жүк көліктерінің жүруі шектелген.

Синоптиктерідң болжауынша, қолайсыз ауа райы апта соңына дейін жалғасады. 

Қалың қардан ірі тас жолдарда қозғалыс қиындап, жүк көліктерінің жүруі шектелген болатын. Қазір жолдар қардан тазалынып, ашылып жатыр. Жүргізушілерге жылдамдықты асырмай барынша абайлап жүру керектігі ескертілуде, - деді Грузия автомобиль жолдары департаментінің басшысы Георгий Церетели.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері