Дүйсенбіде Абу-Дабидің өндірістік аудандарының бірінде үлкен өрт болды. Нәтижесінде мұнай өнімдері бар кемінде үш көлік жарылды, деп хабарланды Elorda.info Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астаналық полиция қызметінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Эль-Мусафф аймағында өрт шығып, жанармай сақтайтын резервуарлардың жанында орналасқан үш жанармай цистернасы жарылды. Абу-Даби халықаралық әуежайы маңындағы құрылыс алаңында да өрт тіркелді. Ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, өртке ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлауы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өртті сөндіру және болған жайттың мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде.