Нұр-Сұлтан -11.7°
×
14.01.2022, 20:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Францияда мұғалімдер ереуілге шықты

Францияда мұғалімдердің 40 проценті мен білім беру мекемелерінің өзге де қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Францияда мұғалімдер ереуілге шықты

Көшеге шыққандар мектептерде санитарлық тәртіптің жиі өзгеретініне наразы. Мәселен соңғы 8 күнде ковидке қарсы қабылданған шаралар 3 мәрте өзгерген.

Наразы топың мәлімдеуінше, білім ошақтарында қажетті медициналық заттар да жеткіліксіз. Сол себепті кей мектептерде педагогтардың 75 проценті жұмысқа шығудан бас тартқан.

Бүгінде Францияда 10 мыңға жуық сынып қашықтан оқу форматына көшті. Бұған аймақтағы эпид ахуалдың ушығуы себеп. Ұстаздар биыл емтихан тапсыратын жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі нашарлауы мүмкін деп алаңдайды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері