Нұр-Сұлтан -11.7°
×
14.01.2022, 19:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мұғалімдер жаппай ереуілге шықты

Францияда мұғалімдердің 40 проценті мен білім беру мекемелерінің өзге де қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлады Elorda.info

Мұғалімдер жаппай ереуілге шықты
Фото: The Local France

«Хабар 24» телеарнасы хабарлағандай, көшеге шыққандар мектептерде санитарлық тәртіптің жиі өзгеретініне наразы болған. Мәселен, соңғы 8 күнде коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар 3 мәрте өзгерген. Наразы топ білім ошақтарында қажетті медициналық заттар да жеткіліксіз екенін айтқан. Сол себепті, кей мектептерде педагогтардың 75 пайызы жұмысқа шығудан бас тартқан.

Бүгінде Францияда 10 мыңға жуық сынып қашықтан оқу форматына көшті. Бұған аймақтағы эпидахуалдың ушығуы себеп. Ұстаздар биыл емтихан тапсыратын жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі нашарлауы мүмкін деп алаңдайды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері