Нұр-Сұлтан -11.9°
×
13.01.2022, 20:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мексикада коронавирус жұқтырудан антирекорд тіркелді

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 33 мың 626 адам ковидке шалдыққан, деп хабарлады Elorda.info Khabar.kz сайтына сілтеме жасап.

Мексикада коронавирус жұқтырудан антирекорд тіркелді

Соңғы рет 30 мың науқас 8 қаңтарда анықталған болатын. Бірақ жұқтырғандар саны артқанымен, ауруханаға түсіп жатқандар қатары аз.

Тұрғындар көбінесе үйде ем алғанды жөн көреді,  – дейді сарапшылар.

Бұл елде вакциналау қарқыны жоғары. Ересек тұрғындардың 88 % – толық екпе салдырған.

Біз тестілеуді жиілеттік. Қазір күніне 30 мыңнан астам тест алынып жатыр. Бұл жағынан Мехико ел бойынша көш бастап тұр. Ауруханаларда көп орын бар. Ковид жұқтырған адамдар мұны біліп жүрсін, - деді Мехико мэрі Клаудия Шейнбаум.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері