Нұр-Сұлтан 26.7°
×
12.01.2022, 11:44
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

6 миллионға жуық адам үйден шыға алмай қалды

Қытайдың Аньян қаласында екі адамның «омикрон» жұқтыруы салдарынан бүкіл қаланы локдаунға жауып тастады, деп хабарлады Elorda.info

6 миллионға жуық адам үйден шыға алмай қалды
Фото: ашық дереккөз

24.kz-тің хабарлауынша, енді 5 жарым миллион тұрғын себепсіз үйден шыға алмайды. Көшеде көлік қозғалысы да шектелген. Тек ең қажетті тауарлар сататын дүкендер ғана ашық тұр. Қалғаны жұмыс істемейді.

Айта кеткен жөн, бұған дейін осы Аньян орналасқан Хэнань провинциясындағы тағы бір қала – Тянь-цзиньде де жартылай локдаун жарияланған еді. Мұнда да тек екі адамнан «омикрон» анықталған. 14 миллиондай тұрғыны бар шаһардағы барлық тұрғын тест тапсыруға міндеттелді. Мұнда да жүріс-тұрыс пен көлік қозғалысы шектелді. Биліктің мұндай қатаң шаралар қабылдауы бекер емес. Өйткені келесі айда Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары басталады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері