Ең арзан қолдың сары майы «Шапағатта» сатылады
Elorda.info оқырмандары күнделікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына шолу жасап, өнімдерді қайдан сатып алу тиімдірек екенін біле алады.
Оқи отырыңыз: Елордада соңғы үш айда тауық еті 145 теңгеге дейін өскен
Елордада ең арзан сүт өнімдері қай базарда сатылады
Елорда базарларында соңғы 6 айда қолдың сары майы 2000 теңгеге қымбаттады. Мысалы, «Астаналық» базарында мамыр айында сары майдың бір келісі 2800 теңге болса, қазір 5000 теңгеден сатылуда. «Әлем» базарында мамырда 1500 теңге болса, қазір 4500 теңге тұрады. «Шапағат» базарында сары майдың бағасына 470 теңге қосылған. Осыдан 6 ай бұрын «Көк базарда» сары май 2000 теңге болса, қазір 4500 теңгеден сатылып жатыр.
Елорда базарларында ең арзан сары май «Шапағатта» сатылады: бір келісі 4000 теңге.
Өзге де азық-түлік тауарларының бағасы төмендегі кестеде: